Бішкекте Абайдың 175 жылдығына арналған концерт өтеді

None
None
БІШКЕК. КАБАР-ҚазАқпарат – 10 наурыз күні Бішкектің Малдыбаев атындағы Қырғыз ұлттық академиялық опера және балет театрында қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, ағартушы және қоғам қайраткері Абайдың 175 жылдығына арналған концерт өтеді. Бұл туралы ҚазАқпарат Қырғызстанның Кабар агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шараға Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Өзбекстан Мәдениет министрінің орынбасары Олимжон Мирзаев қатысады.

Концерттік бағдарламада Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия және Түрікменстан әртістері өнер көрсетеді.


Соңғы жаңалықтар