Бішкекте 17 жастағы қазақстандық бозбала жоғалып кетті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында 17 жастағы қазақстандық бозбала жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайында Бішкек қаласы Свердлов аудандық ішкі істер басқармасының Facebook парақшасында жарияланды.

Мәліметке қарағанда, 28 тамыз күні қала тұрғыны ведомствоға жүгініп, 2005 жылы 15 сәуірде дүниеге келген жиен інісі, Қазақстан азаматы Әбдуллаев Ілияс Олегұлын іздеуге жәрдем беруін өтінген.

Оның атап өтуінше, сол күні сағат шамамен 12:00 мен 13:00 аралығында жиен інісі «Джунхай» базары аумағында белгісіз бағытқа кетіп қалып, содан бері оралмаған.

Қазіргі уақытта бозбаланың қайда жүргені белгісіз.

«Хабар-ошарсыз кеткен Әбдуллаев Ілияс Олегұлының қайда жүргенін анықтау үшін белсенді іздеу шаралары жүргізіліп жатыр», - деп атап өтеді Бішкек қаласы Свердлов аудандық ішкі істер басқармасынан.


Соңғы жаңалықтар