Бішкек-Ош жолында көлік биіктігі 60 метр жардан өзенге құлап, үш адам қаза тапты

None
None
БІШКЕК. Кабар-ҚазАқпарат –Бішкек-Ош тас жолының 449-шы шақырымында 1 қыркүйекте жолға шыққан Toyota-Wish көлігі Таш-Комур қаласы аумағында биіктігі 50-60 метр жардан Нарын өзеніне құлаған. Бұл туралы ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

ТЖМ-нің дерегінше, келеңсіз жағдай салдарынан екі бойжеткен мен 9 жастағы бала қаза тапты, олардың есімдері анықталуда. Сондай-ақ, бес ер адам зардап шеккен.

Оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылар зардап шеккендер мен қаза болғандардың денелерін алып шығып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Соңғы жаңалықтар