Бішкек-Ош күре жолында болған жол апатынан Тәжікстанның бес азаматшасы қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бішкек-Ош күре жолында болған жол-көлік апаты салдарынан Тәжікстанның бес азаматшасы қаза тапты, деп хабарлайды КирТАГ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«11 мамыр күні сағат 13:35-те Бішкек-Ош күре жолының 471-ші шақырымында Аudi-100 және Audi -C-4 көліктері соқтығысып, салдарынан 5 адам мерт болды», - деп мәлім етті ТЖМ-нен.

Ведомствоның деректеріне қарағанда, тағы үш адам жарақаттанған.

Қаза тапқан төрт адамның тұлғалары анықталды: ол 51 жастағы Бабихатик Тарбалантова, 46 жастағы Санобар Радзапова, 55 жастағы Содат Сафарова, 51 жастағы Бибисор Мелибаева, барлығы Тәжікстан азаматшалары.

Тағы екі жолаушы мен Audi -C4 көлігінің жүргізушісі ауруханада жатыр.

Соңғы жаңалықтар