Бішкек орталығында үш жарылыс болды: 1 адам қаза тауып, 13 адам зардап шекті
2019 жылғы 8 қараша 16:08

Бішкек орталығында үш жарылыс болды: 1 адам қаза тауып, 13 адам зардап шекті

БІШКЕК. КАБАР-ҚазАқпарат – Бішкектің Антошка дәмханасындағы жарылыс салдарынан 13 адам зардап шекті. Зардап шеккен бір қызметкер оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Кабарға сілтеме жасап.

Үш бала жедел жәрдем көлігімен қалалық балалар ауруханасына жеткізілді, дәрігерлердің тексеруінен кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді.

«Тоғыз адам Бішкек Травматология және ортопедия ғылыми зерттеу орталығына жеткізілді, олардың жағдайы бойынша қосымша ақпарат беріледі», - деп мәлім етті Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінен.

Ұқсас жаңалықтар
Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT