Бішкек маңында арнайы операция кезінде қарулы террористің көзі жойылды

None
Фото: kabar.kg
БІШКЕК. Кабар – ҚазАқпарат – Қырғыз Республикасының Шу облысы Дмитриевка ауылында болған ІІМ мен ҰҚК арнайы операциясы барысында қарулы лаңкес өлтірілді, деп мәлімдеді Қырғыз Республикасының Ішкі істер министрлігі. Бұл туралы ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

БАҚ-тың куәгерлерге сілтеме жасап хабарлауынша, ауылда атыстың даусы естіледі. Күдіктілерді ұстап жатыр деген болжам бар.

Кейіннен ведомство ІІМ мен ҰҚК арнайы бөлімінің қызметкерлері лаңкесті қолға түсіру үшін арнайы операция жүргізгенін хабарлады.

Ол ұстау кезінде қарумен қарсылық көрсетті. Операция барысында оның көзі жойылды.

Сонымен қатар екі күштік құрылым қызметкері жараланды. Мекеме ақпаратынша, олардың бірі емханаға келіп емделетін болса, екіншісін ұлттық госпитальге жатқызады.

Оқиға орнында ІІМ мен ҰҚК басшылары жүр. Қазіргі уақытта ІІМ жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

4 жедел жәрдем бригадасы кезекшілікте тұр.


Соңғы жаңалықтар