Бішкек Ислам мәдениеті астанасының кілтін Алматыға табыстады (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы жаңа мәдени астана мәртебесін қабылдады. Бұл туралы қалалық Мәдениет басқармасынан хабарлады.

Қырғызстан астанасы Бішкек кеше ресми түрде «Ислам мәдениетінің астанасы-2015» мәдени бағдарламасын Алматыға табыстады.

Өткен жылы Бішкекте ислам мәдениетіне қатысты бірқатар ірі шаралар өтті. Жылдың жабылу салтанатына Ауғанстан, Иран, Катар, Сауд Арабиясы елдерінен мәдениеттаушылар шақырылды. «Білім, ғылым, мәдениет мәселелері бойынша ислам ұйымының өкілі Алибаба Бабаев пен Қырғыз Республикасының мәдениет, ақпарат және туризм министрі Алтынбек Мақсұтов кілтті салтанатты түрде Алматы қалалық мәдениет басқармасы басшысының орныбасары Рузанна Бектұрсыноваға тапсырды», - делінген хабарламада.

Алматы әкімдігі мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ақпан айында өтетін халықаралық конференцияға дайындықты бастап кетті.

Өткен жыл Алматы үшін мәдени жаңалықтарға бай болды. Оңтүстік астана 2014 жылғы ТМД мәдени астанасы статусын иеленген болатын.

Оның аясында қалада жыл бойы түрлі мәдени шаралар, ғылыми конференциялар, фестивальдер, дөңгелек үстелдер өткізілді.

Соңғы жаңалықтар