Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 383.69 EUR 429.08
RUB 5.97 CNY 55.39
Jańalyqtar

Бішкек декларациясына қол қойылды

2019 жылғы 14 маусым 14:53 882
Бөлісіңіз:
Бішкек декларациясына қол қойылды

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Бүгін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесі 19-отырысының қорытындысында Бішкек декларациясына қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев жаһандық жанжалдарды дипломатиялық жолмен шешуді ұсынды Тоқаев ШЫҰ елдерін Халықаралық жасыл технологиялар орталығымен ынтымақтастыққа шақырды

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары мұнан бөлек 13 құжатты рәсімдеді. Олардың қатарында 2018-2023 жылдарға арналған ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің есірткіге қарсы стратегиясын орындау бойынша іс-қимыл бағдарламасының тармақтарын жүзеге асыру жөніндегі жұмыс жоспарын бекіту туралы, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер өңір басшыларының форумы регламентін бекіту туралы,  ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің өңіраралық ынтымақтастығын дамыту бағдарламасын бекіту туралы,  ШЫҰ хатшылығы мен БҰҰ-ның гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою туралы, ШЫҰ хатшылығы мен Дүниежүзілік туристік ұйым арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою туралы, ШЫҰ хатшылығы мен "Астана" халықаралық қаржы орталығы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою туралы шешімдер бар.

Сонымен қатар Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесі аясында ұйымға мүше елдердің мемлекеттік органдары арасында да бірқатар құжаттар қабылданды.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
MURAǴAT