+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Бішкек базарында зардап шеккен қазақстандық сауығып келеді

2016 жылғы 6 желтоқсан 20:34
Бөлісіңіз:
Бішкек базарында зардап шеккен қазақстандық сауығып келеді

БІШКЕК. ҚазАқпарат - «Алканов» базарындағы шатыр опырылғанда зардап шекен Қазақстан азаматшасы сауығып келеді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне Бішкек травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу орталығының бас дәрігері Алмаз Кубатбеков мәлімдеді.

«1978 жылғы Қазақстан азаматшасы Ж.О. түскен кезде жабық сүйек-ми зақымы, ми шайқалуы мен маңдай жарақаты деген диагнозы анықталды. Қазіргі таңда зардап шегуші жасн сақтаудан емдеу бөліміне ауыстырылды, өзін жақсы сезінуде. Жағдайы қалыпты, жазылып келеді. Барлық зардап шегушілер қажетті ем-дом алуда», - деді ол. Зардап шегушілердің емдеу шығындарын «Алканов» базарының әкімшілігі өз мойнына алған.

Еске сала кетейік, 29 қараша күні «Алканов» базарында («Дордой» базарының бір бөлігі) қардың салмағынан базар шатыры опырылып, салдарынан 5 адам зардап шеккен. Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігінің мәлімдеуінше, зардап шегушілер арасында Жамбыл облысы, Қордай ауылында тұратын 1978 жылы туылған ҚР азаматшасы болған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT