Бишімбаев: ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою үшін шекті мөлшер кезең-кезеңімен төмендетіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін шекті мөлшері кезең-кезеңімен төмендетіледі. Бұл туралы бүгін жұртшылықпен салық саясатының негізгі бағыттарын талқылау барысында ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлім етті.

null
«Бізде қосылған құн салығы бойынша шекті мөлшер әлем бойынша ең жоғары. Дамыған, дамымаған елдердің барлығында да ол орташа есеппен 30 мың долларды құрайды. Әкімшілеу тұрғысынан алып қарағанда, бұл бізге өте үлкен проблема болып саналады. Сондықтан кәсіпкерлердің өте көп мөлшері, мүмкін шағын бизнестер, назардан тыс қалуда. Ешқандай жерде тіркелмеген, біз олардың айналымын көріп отырған жоқпыз», - деді Қ.Бишімбаев.

Оның атап өтуінше, шағын және орта бизнеске әкімшілік жүктеменің күрт артуын болдырмау мақсатында ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою үшін шекті мөлшер кезең-кезеңімен төмендетіледі. 2017 жылды қоса алғанда қолданыстағы ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою үшін шекті мөлшері 30 000 айлық есептік көрсеткіште сақталып, одан ары кезең-кезеңімен азайтылады. Сонымен қатар, Салық кодексінде ҚҚС бойынша ерікті түрде тіркеу есебіне қою нормасы қалпына келтіру ұсынылады.

null  

Соңғы жаңалықтар