Біржан сал ауданында заманауи отбасылық сауықтыру орталығы ашылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Біржан сал ауданында отбасылық сауықтыру орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Жүкей көлінің жағасынан орын тепкен замануи «Көктал Town» орталығы «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша ашылып отыр.

Нысанның ашылуы рәсіміне Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырəлімова, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

«Ақмола облысы үшін туризм индустриясы экономиканың басты әлеуеті зор саласы болып табылады. Бүгін кең көлемде қызмет түрін ұсынып отырған қонақүйлер мен шипажайлардан бөлек, «Медициналық туризмді дамыту» бағытында отбасылық сауықтыру орталығы ашылды. Аталмыш инвестициялы жобаны жүзеге асыру облыстың туристік саласын дамытуға зор мүмкіндік береді»,- деді өңір басшысының орынбасары Айна Мысырəлімова құттықтау сөзінде.

Мекеменің бас дәрігері Білімжан Дүйсембаевтың айтуынша, орталықта жайлы нөмірлер, бассейн, сауна, спортпен шұғылдану залы, бильярд залы,би және балалардың ойын алаңы, мейрамхана қарастырылған. Ең бастысы ересектерді қан қысымы, варикоз, жүйке, тірек-қимыл аппаратының бұзылуы ауруларынан сауықтыру үшін «Фитобөшка» емдеу шарасы жүргізіледі.

Сонымен қатар, демалушылар қымыз, саумал ішіп, салт атпен, велосипед және квадрациклмен серуендеуіне болады. Волейбол, футбол, баскетбол алаңдары да организмді сауықтыруға мүмкіндік береді.


Соңғы жаңалықтар