Біржан Нұрымбетов: жұмыс орындарын құрудың өңірлік карталарын жасау керек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халықты жұмыспен қамту мәселесін тиімді түрде шешу үшін алдағы уақытта жыл сайын экономикада 600 мыңға жуық жұмыс орнын құру қажет. Мұндай маңызды қажеттілік туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жұмыспен қамту мәселелері тек Жұмыспен қамтудың жол картасы немесе «Еңбек» бағдарламасы ғана емес, сонымен қатар жалпы экономикада жаңа жұмыс орындарының ашылуына байланысты екенін атап өту маңызды. 2017 жылдан бастап экономикада 1 миллионнан астам тұрақты жұмыс орыны құрылған. Оның ішінде басқа мемлекеттік бағдарламалар өз үлесін қосуда. Осы жылы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 264 мың жұмыс орыны құрылды. Негізгі үлесті «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы қосып отыр», - деді Біржан Нұрымбетов Үкімет отырысында.
Министр халықты жұмыспен қамту мәселесін тиімді түрде шешу үшін алдағы уақытта жыл сайын экономикада 600 мыңға жуық жұмыс орнын құру қажеттігін атап өтті.
«Ол үшін өңірлерді дамыту бағдарламаларының құрамдас бөлігі ретінде мемлекеттік бағдарламалардың барлық жобалары мен ірі, жеке инвестициялық жобаларды ескере келе жұмыс орындарын құрудың өңірлік карталарын жасау қажеттілігі туындайды. Бұл өз кезегінде барлық мемлекеттік бағдарламадағы жұмыс орындарының көрсеткіштерін жаңғырту және олардың әкімшілерінің жауапкершілігін арттыруды талап етеді», - деді ол.
- ХҚО-лар азаматтарды тек алдын ала жасалған брон негізінде қабылдайды
- Ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін eGov порталында 6 жаңа қызмет іске қосылды
- Асқар Мамин жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды
- Қостанай архивіне Татарстаннан құнды құжаттар әкелінді
-
«Нұрлы жер»: Шымкентте 1,5 мыңнан астам пәтер беріледі
-
Әсет Тұрысов цифрлық даму вице-министрі болып тағайындалды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам