+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Біржан Нұрымбетов зейнетақы жинағының әйелдер үшін белгіленген шекті сомасын атады

2020 жылғы 29 қаңтар 12:34
Бөлісіңіз:
Біржан Нұрымбетов зейнетақы жинағының әйелдер үшін белгіленген шекті сомасын атады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану бойынша әйелдер үшін зейнетақы жинағының белгіленген шекті сомасын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда жолдардың 28 мың шақырымы таңбаланады Министр журналистердің карантиндегі жұмыс тәртібін түсіндірді Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 11 триллион теңгеден асты

«Мәселен, БЖЗҚ 30 жастағы ер адамның шекті жасын 6 млн 695 мың теңге деп белгілеп отыр. Бұл дегеніңіз оның 63 жасқа дейін тағы 33 жыл жұмыс істесе, ары қарай тағы 17 жыл бойы зейнетақы жинағынан елдегі минималды зейнетақының мөлшерінен көбірек төлем ала алатынын білдіреді. Елдегі минималды зейнетақының мөлшері қазіргі таңда 38 636 теңге», - деді Біржан Нұрымбетов Парламент Сенатында өткен дөңгелек үстелде.

Министрдің айтуына қарағанда, бұл ретте әйелдердің шекті жасы жоғарырақ.

«Мұның себебі – әйелдердің ерлерге қарағанда өмір сүру ұзақтығы 5 жылдан 22 жылға дейін артық болуында. Зейнет жасына дейін ақша жинап, ары тағы 22 жыл өмір сүру үшін үлкен сома керек. Сол себепті, 30 жастағы ер адамға 6,7 млн теңге десек, әйелдер үшін шекті сомасы – 9,6 млн теңге», - деді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін Үкімет азаматтардың зейнетақы жинағын пайдалану мүмкіндігі бойынша Президентке ұсыныс бергенін хабарлаған едік.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT