+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

Біржан Нұрымбетов зейнетақы жинағын пайдалануға мүмкіндігі бар адамдарды атады

2020 жылғы 3 қыркүйек 11:54
Бөлісіңіз:
Біржан Нұрымбетов зейнетақы жинағын пайдалануға мүмкіндігі бар адамдарды атады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы жинағын пайдалануға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ел Президенті халыққа Жолдауында әлеуметтік салада бірқатар тапсырма берді. Оның ішінде көпшіліктің қызығушылығын танытып отырғаны зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты пайдалану мүмкіндігіне байланысты. Сондықтан осы бағытта түсініктеме бергім келеді. Біріншіден, Мемлекет басшысы тарапынан тұжырымдамалық шешім қабылданды. Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін келесі жағдайларда пайдалану мүмкіндігі беріледі, яғни тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емделуге және қаржы компанияларына басқару үшін аударуға», - деп тоқталды министр Жолдауды жүзеге асыру тақырыбына арналған брифингіде.

Осы орайда Б. Нұрымбетов кімдер қандай жағдайда жинақтарының бір бөлігін алуға қауқарлы екенін айтты.

«Біріншіден, жұмыс істеген әрі жұмыс істеп жүрген біздің азаматтар, яғни Бірыңғай зейнетақы қорында жарналары бар азаматтардың жиналған сомасы «жеткілікті шегінен» асып жатса. Мақсат оның бәрін таратып беру емес, оның қажетті бір бөлігі қалуы тиіс. Одан асқан ақшаны азаматтар өз еркімен жоғарыда айтылған мақсаттарға пайдалануға мүмкіндігі бар. Мұндай азаматтардың саны 530 мың адамға жетіп отыр», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, екіншісі - зейнет жасына жеткен кісілер. Егер де оларда жинақтаушы қорында қаражаттары бар болса, ол кісілер сол қаражаттың 50 пайызына дейін алады. Бұндай адамдардың саны 178 мыңнан асады.

«Үшіншіден, зейнетақы аннуитетін ресімдеген және әлі де жинақтары бар азаматтар. Мұндай елімізде 13,3 мың адам бар. Осылайша, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мақсатты пайдалану мүмкіндігін 721 мыңнан астам қазақстандық пайдалана алады», - деді Нұрымбетов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT