+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Біржан Нұрымбетов: Міндетіміз – кадр даярлау жүйесін жұмыс беруші талабына бейімдеу

2019 жылғы 4 желтоқсан 17:21
Бөлісіңіз:
Біржан Нұрымбетов: Міндетіміз – кадр даярлау жүйесін жұмыс беруші талабына бейімдеу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кәсіптік стандарттар міндетті түрде дуальды оқыту жүйесінде пайдаланылуға тиіс. Бұл туралы бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстауда биыл 10 мыңға жуық жас жұмыспен қамтылды Жұмыспен қамту орталықтарының 500 қызметкері біліктілігін арттырады Елордада «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

«Бүгінгі таңдағы өзекті мәселенің бірі – болашақ түлектің еңбек нарығында сұранысқа ие болуы. Біздің алдағы міндетіміз – Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп кадр даярлау жүйесін жұмыс берушілердің талаптарына бейімдеу және кәсіптік стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлеуді бастау. Бұл ретте кәсіптік стандарттар міндетті түрде дуальдық оқыту жүйесінде пайдаланылуы тиіс. Сонымен қатар, жұмыскерлерді сертификаттау және біліктілігін растау - маңызды мәселенің бірі болып отыр»,- деді министр ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Кәсіптік стандарттар әзірлеу мәселелері жөніндегі ұлттық кеңес отырысында.

Оның атап өтуінше, бүгінгі күні мамандарды сертификаттау жұмысы жеке-жеке жүргізіледі. Сертификаттау орталықтарына бірыңғай талаптар қойылмаған және біліктілікті тану тәртібі бекітілмеген. Жалпы әдіснамалық құралдар жоқ. Осының бәрі Қазақстанда біліктілікті тануды қиындатып отыр.

«Министрлік бірыңғай сертификаттау және біліктілікті тану жүйесіне көшуді қамтамасыз ету бойынша жұмысты бастады. Мемлекеттік органдар мен салалық қауымдастықтар берген ұсыныстар негізінде реттелетін кәсіптер тізілімінің жобасы әзірленіп, оған шамамен 43 кәсіп енгізілді. Сонымен қатар, Ұлттық біліктілік жүйесін басқарудың 3 сатылы моделін қалыптастыру мәселесі пысықталуда. Атап айтқанда: Біліктілік жөніндегі ұлттық кеңес; Ұлттық біліктілік органы, салалық кеңестер. Бұларды нормативтік тұрғыдан бекіту жөнінде ұсыныстар Үкіметке осы жылдың соңына дейін енгізіледі», - деді Біржан Нұрымбетов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT