Біржан Нұрымбетов: Мемлекеттің қолдауымен 411 мың адам тұрақты жұмысқа тұрды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы аясында биыл жұмыспен қамту бойынша қолдау көмегін 1 млн 200 мың адам алады. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов толығырақ айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жұмыспен қамту және халықтың табысын қамтамасыз ету мәселесі әрқашан да басымдыққа ие. Жұмыспен қамтуды қолдау жөніндегі мемлекеттік шаралар осы жылдың екінші және үшінші тоқсанында жұмыссыздық деңгейін 5 пайыз деңгейінде сақтап қалуға мүмкіндік берді. Жұмыссыз жүрген азаматтар жұмыспен қамту орталықтарына ресми түрде тіркелу белсенділігі жоғарылады», - деді министр.

Біржан Нұрымбетов пандемияның жағымсыз салдарын азайту мақсатында халықты жұмыспен қамту бойынша шаралар кешені қабылданғанын жеткізді.

«Осы жылы жұмыспен қамту шараларымен 1 млн 200 мың адам қамтылады. Ол шаралар «Еңбек» және «Жұмыспен қамту» жол картасы, сондай-ақ басқа да мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде ұсынылған. Бүгінгі күні 934 мың адам жұмыспен қамту шараларына тартылды. Оның 411 мыңы тұрақты жұмысқа тұрды», - деді Біржан Нұрымбетов.


Соңғы жаңалықтар