+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Біржан Нұрымбетов Қазақстан кәсіподақтарын кәсіби мерекелерімен құттықтады

2019 жылғы 10 қазан 23:30
Бөлісіңіз:
Біржан Нұрымбетов Қазақстан кәсіподақтарын кәсіби мерекелерімен құттықтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Қазақстанның кәсіподақ ұйымдарының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, жұмысшылардың мәселелерін шешуде белсенді және жемісті жұмыс тіледі. Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда еңбек қатынастарын реттейтін ведомствоаралық комиссия құрылады ҚР Кәсіподақтар федерациясы мен Қостанай әкімдігі ынтымақтастық Меморандумына қол қойды ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Ералы Тоғжанов Жезқазған қаласына барды

«Осы жылы алғаш рет 10 қазан күні атап өтілетін Кәсіподақтар күні мерекесінің белгіленуі қуантарлық жайт. Бүгінде Қазақстанда 600-ден астам кәсіподақ бар, олар 3 млн-нан астам жұмыскерлерді біріктірді. Кәсіподақтар еңбекшілердің әлеуметтік және тұрмыстық мәселелерін белсенді шешеді, кәсіпорындарда еңбек заңнамасы мен қауіпсіздік техникасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Қазақстан кәсіподақтарына белсенді және жемісті еңбек тілеймін», - делінген министрдің құттықтауында.

Министр келтірген мәліметке сай, ҚР Үкіметімен ынтымақтастық жылдарында кәсіподақтар өздерін қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғау бойынша белсенді қатысушы және әріптес ретінде көрсете білді. Әлеуметтік-еңбек мәселелерін республикалық үшжақты комиссия форматында ғана емес, жүйелі жұмыс кездесулері аясында де бірлесіп талқылау дәстүрге айналды. 2018-2020 жылдарға арналған Бас келісім іске асырылуда, онда әлеуметтік әріптестіктің барлық деңгейлерінде міндетті түрде сақтау үшін мемлекеттің, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің әлеуметтік жауапкершілігінің қағидаттары қалыптастырылған.

Сондай-ақ, Біржан Нұрымбетов қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі функцияларды орындау кезінде туындайтын проблемаларды шешуде кәсіподақтардың рөлін күшейту еңбек саласы көрсеткіштерінің, оның ішінде соңғы үш жылда жақсаруына ықпал еткенін айтады. «Мәселен, өндірісте зардап шеккен жұмыскерлердің саны 6,8% - ға төмендеді, жасалған ұжымдық шарттар саны 43,3% - ға артты. Кәсіподақтардың арқасында жұмысшылар мәдени және салауатты демалысты ұйымдастыруға тартылған. Мемлекет еңбек қатынастары субъектілерінің мүдделерін оңтайлы келісуге қол жеткізуге қабілетті күшті және жауапты кәсіптік одақтарға мүдделі. Қоғамдық қатынастарды реттеудегі кәсіподақтардың рөлі неғұрлым маңызды болған сайын, олар өздерінің басты мақсатын – қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауды тиімді және табысты жүзеге асыра алады», - дейді ол.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT