+7 (701) 759 90 19
USD 437.20 EUR 475.32
RUB 5.79 CNY 61.94
Jańalyqtar

Біржан Нұрымбетов еліміздің зейнетақы жүйесіндегі проблемаларды атады

2020 жылғы 3 ақпан 12:47
Бөлісіңіз:
Біржан Нұрымбетов еліміздің зейнетақы жүйесіндегі проблемаларды атады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде 100 мың кәсіпорын жұмысшыларына зейнетақы жарнасын аудармай отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір бізде жинақтаушы зейнетақы қорында азаматтардың 10,4 трлн теңге жинағы бар. 9,9 млн зейнетақы есепшоты ашылған. Бірақ, өкінішке орай жарналардың жиналу мөлшеріне атасақ, азаматтардың 53 пайызының жинақтаған жарнасының көлемі 500 мың теңге болса, 16 пайызында 500 мыңнан 1 млн теңгеге дейін, 15 пайызында 1 млн-нан 2 млн теңге дейін ғана. Яғни, жинақтаушылардың 84 пайызында ғана 2 млн теңгеге дейін зейнетақы жинақ бар», - деді министр.

Оның айтуынша, осыны ескерген ел Үкіметі жинақтаушы зейнетақы жүйесін жетілдіруге ұсыныс жасаған. Жалпы еліміздің жинақтаушы зейнетақы жүйесінде бірнеше түйткіл бар. Бұл проблемаларды да министр тізіп берді.

«Біріншісі, біздің зейнетақы жинақтау жүйеміз әлі жас, 21 жыл ғана болды. Дамыған елдерде мұндай жүйенің қалыптасуына 34-50 жыл керек. Екіншісі – халық табысының төмендігі. Үшіншісі – зейнетақы жарналарының төленбеуі. Өкінішке орай, бүгінгі күннің өзінде бізде 100 мың кәсіпорын жұмысшысының жалақысынан 10 пайыз жарна ұстап, бірақ оны жинақтаушы қорға аудармай отыр. 2,7 млрд қарыз бар. Келесі проблема – инвестициялық табыс. Яғни, жинақтаушы қордағы біздің жинаған жарнамаларымыздың өсуіне қатысты болып тұр. Сондықтан Үкімет бірінші кезекте осы проблемаларды шешу жөнінде ұсыныс берді», - деді Біржан Нұрымбетов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT