Біржан Нұрымбетов: Бізді бақылаусыз жаһандық көші-қон мәселесі алаңдатады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанды бақылаусыз жаһандық көші-қон мәселесі алаңдатады. Бұл туралы бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан транзиттік, межелі, ал кейінгі кезде көшіп-қонушылардың шығу елі саналатындықтан бізді бақылаусыз жаһандық көші-қон мәселесі алаңдатып отыр. Сондықтан халықаралық және өңірлік деңгейде деректерді жинау жүйесі мен бірыңғай тәсілдерді қалыптастыру бірінші кезектегі міндет болып тұр. Осыған орай «Босқындар мәртебесі туралы» конвенцияда көзделген міндеттер аясында Қазақстан өткен жылдың желтоқсанында Мароккода қауіпсіз, тәртіпті және тұрақты көші-қон жөніндегі жаһандық келісімге қосылды», - деді министр «Қазақстандағы көші-қон: Проблемалар, тенденциялар, перспективалар» атты республикалық дөңгелек үстел отырысында.

Оның атап өтуінше, көші-қон мәселесі бойынша тұрақты диалогқа жәрдемдесу, ақпарат алмасу өте маңызды. Бұған қоса, реттелмейтін көші-қонмен байланысты проблемаларды болжау және шешу үшін миграциялық ағынға мониторинг жүргізудің нақты тетіктері қажет.

«Қазақстан мигранттардың заңды құқықтарын құрметтеуге және жаһандық әрі аймақтық деңгейде өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі. Сондай-ақ көші-қон ағынын реттеуге өз үлесін қосуға ниетті», - деді Біржан Нұрымбетов.

Соңғы жаңалықтар