+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Біржан Нұрымбетов: Ауыл кәсіпкерлеріне кепілсіз несие беру тетігін енгіземіз

2020 жылғы 24 қыркүйек 12:03
Бөлісіңіз:
Біржан Нұрымбетов: Ауыл кәсіпкерлеріне кепілсіз несие беру тетігін енгіземіз

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауыл кәсіпкерлеріне кепілсіз несие беру тетігі енгізіледі. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде жан саны 250 адамнан асатын ауылдарға интернет тартылып жатыр Таразда әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша халықаралық форум өтті Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлікке қандай қолдау көрсетіліп жатыр

«Біз ұзақ мерзімді әсері болатын шараларды да дайындап жатырмыз. Ол «Еңбек» бағдарламасымен сапалы жұмыс орындарын құруға, сонымен қатар ауылдық кәсіпкерлікті кепілсіз несиелеу және өнімдерін кепілмен сатып алу тетіктерін енгізу арқылы қолдауға бағыттау керек. Жыл сайын қазіргідей 400 мың емес, 700 мың жаңа жұмыс орнын ашуымыз қажет. Соны қамтамасыз ету үшін жұмыс орындарын құрудың өңірлік картасын жасап, оларды мемлекеттік бағдарламалардың барлық жобасына және ірі жеке инвестициялық жобаларға қоса отырып, аумақтарды дамыту бағдарламаларының компоненті ретінде енгізуге тиіспіз», - деді министр Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Оның айтуынша, бұл өз кезегінде барлық мемлекеттік бағдарламада жұмыс орындары индикаторларын өзектендіру және бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің жұмыс орындарын ашуға жауапкершілігін арттыруды қажет етеді.

«Статистикалық есепке қойылатын жұмыс орындарының мониторингін қамтамасыз ететін тиісті жүйе енгізу, еңбек ресурстары дағдыларын дамыту үшін қысқа мерзімді оқытуды нақты дағдыларға бағдарланатын жаңа моделін еншізу жөнінде ұсыныстар әзірлеп жатырмыз», - деді Біржан Нұрымбетов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT