Біржақты қозғалысты енгізу жүйесі Астана көшелерінің жүктемесін қалай жеңілдетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана көшелерінде біржақты қозғалысты одан әрі дамыту тұжырымдамасы әзірленіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 2016 жылы Астанада біржақты қозғалысты енгізу көлік ағынының орташа жылдамдығын 33% арттырып, жолдардың өткізу қабілетін 25% дейін ұлғайтуға мүмкіндік бергендігін мәлім етті.

Мысалы, Кенесары көшесінің бойымен жүрудің орташа уақыты 21 минуттан 17 минутқа дейін, Абай даңғылымен жүрудің орташа уақыты 22 минуттан 18 минутқа дейін қысқарды. Ал қозғалыстың орташа жылдамдығы бұл ретте Кенесары көшесінде 18,4 км/сағ-тан 24,5 км/сағ-қа дейін, Абай даңғылында 15,8 км/сағ-тан 21 км/сағ-қа дейін артты. Сондай-ақ, Кенесары көшесіндегі қозғалыс қарқыны 1033 бірлік/сағ-тан 1476 бірлік/сағ-қа дейін, Абай даңғылында 759 бірлік/сағ-тан 017 бірлік/сағ-қа дейін ұлғайды.

Қазіргі уақытта біржақты қозғалыс Астана көшелерінің жалпы ұзындығы 15,2 км құрайтын 7 учаскесінде енгізілген.

«Мәселен, Бұқарбай батыр және Желтоқсан көшелерінің қиылысында біржақты қозғалысты енгізу қорытындылары бойынша талдау Бұқарбай батыр көшесіндегі жалпы көлік ағыны 17% (303 бірлік/сағ-тан 355 бірлік/сағ-қа дейін) ұлғайғанын көрсетіп отыр. Өткен кезеңде аталған жол учаскесінде ЖКО тіркелген жоқ», - деп мәлімдеді басқарма өкілдері.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі кезде біржақты қозғалысты одан әрі дамыту тұжырымдамасын әзірлеу жұмысы жүргізілуде. Дәлірек айтқанда, көлік ағынына, бағдаршамдық реттеу режіміне, көлік құралдарының фаза бойынша тарау кестелеріне талдау, сондай-ақ, жол қозғалысын ұйымдастыру кезінде көліктік ағындарды одан әрі оңтайландыру шаралары жүріп жатыр.

«Бұл тұжырымдама көлік құралдарының фаза бойынша тарау кестелерін оңтайландыру, қақтығыс нүктелері мен бағдаршамдық фазалардың санын азайту есебінен көлік қозғалысының орташа жылдамдығын арттыруға және жол қиылыстарындағы кідірістердің санын азайтуға мүмкіндік береді»,дейді ведомство өкілдері.

Соңғы жаңалықтар