Биржадағы тауар бағасы 2023 жылы рекордтық деңгейге жетеді

None
БАКУ. ҚазАқпарат - Goldman Sachs банкінің болжамынша, 2023 жылы шикізат бағасы ұсыныстың болмауы және жаңа жеткізілімдерге инвестицияның жеткіліксіздігі салдарынан рекордтық деңгейге жетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Oilprice-ке сілтеме жасап.

Сарапшылардың пікірінше, 2023 жылдың бірінші тоқсаны экономиканың баяулауына байланысты қиын болуы мүмкін. Бірақ мұнай-газ өнеркәсібі мен металлургияға салынатын инвестиция көлемі төмендеп, шикізаттағы «супер циклді» қолдау жалғасады.

Банк мәлімдемесіне қарағанда, мұнай, газ және негізгі металдар бастаған S&P тауар индексі келесі жылы 43% кірісті көрсетеді. 2023 жылы шикізат тауарлары ең табысты актив класы болады.

Goldman Sachs және өнеркәсіп алпауыттары өкілдерінің пікірінше, энергетикаға көшу үшін қажетті негізгі металдардың бағасы таяу жылдары күтілетін тапшылық жағдайында да өседі.

Осы айдың басында тау-кен өнеркәсібі және тауар өндіруші алпауыт Glencore мыс тапшылығы төніп тұрғанын, ал кеніштің дамуы айтарлықтай артта қалғанын мәлімдеді. Glencore халықаралық энергетикалық агенттігінің (ХЭА) есебінше, нөлдік эмиссия жоспары бойынша 2022-2030 жылдар аралығында дүние жүзінде 50 млн тоннадан астам мыс тапшылығы болады.

Goldman Sachs сондай-ақ желтоқсан айының басында нарықтың тығыздығы жағдайында мыс бағасы 2023 жылы бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге жеткенін айтты. Банк мыс бағасы биылғы жылдың наурыз айында тоннасы 10 845 долларға жеткен рекордтық көрсеткіштен биыл 11 мың долларға жетеді деп болжауда.


Соңғы жаңалықтар