Бірыңғай жиынтық төлемінің азаматтарды жігерлендіру тетіктері қандай

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкімет отырысынан кейін баспасөз мәслихатын өткізген ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев «Бірыңғай жиынтық төлемі азаматтарды қалай жігерлендіреді?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірыңғай жиынтық төлемі азаматтарды қалай жігерлендіреді деген сұраққа келсек. Бұл ретте жігерлендіруде ең бастысы адамдар түсінуі керек. Біз салық туралы айтып отырған жоқпыз. Бұл төлемді салық ретінде қабылдаудың қажеті жоқ. Бұл ең бірінші кезекте - өз болашағыңызға салынатын салым. Демек, бірыңғай зейнетақы қорына аз да болсын қаржы салған кезіңізде Сіз ең алдымен өз болашағыңыз үшін аударып отырсыз ғой. Себебі, ертең Сіз зейнетақы алып отырасыз», - деді вице-министр.

Оның айтуынша, төлем жүйесін халыққа түсіндіру үшін ауқымды түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуі тиіс.

«БАҚ-ты осы салада бізбен серіктесуге шақырамыз. Себебі, аз мөлшердегі әлеуметтік төлемдерді жүргізбесе, күні ертең зейнетақымен қамтамасыз ету, медициналық қызмет көрсету тұрғысынан мәселелер туындауы мүмкін. Екіншіден, адамдардың қағаз жұмыстардан сескенетінін білеміз. Сондықтан, осы заң жобасында біз қағаз құжаттарды барынша қысқартып жатырмыз. Бұл адамдар бюрократиямен, қағаздармен алысып жүрмес үшін жасалуда», - деді ол.
Нұржан Әлтаев сонымен бірге заң жобасын даярлау алдында министрліктің мамандары көптеген жұмыс берушілермен ақылдасқанын тілге тиек етті.

«Мәселен, өз үйінде белгілі бір адамға шағын ғана жұмыс ұсынған жұмыс беруші «ол үшін төлемді біз аударайық» деп айтады. Біз заң жобасында осылайша көптеген кедергілерді қысқартып, жұмыс берушілердің өздері (жұмысшысы үшін) төлемді жүргізетіндей жағдай жасамақпыз», - дейді Нұржан Әлтаев.

Еске сала кетсек, бүгінгі Үкімет отырысында ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтарды тіркеу шараларын жеңілдетіп, бейресми жұмыспен қамтылған xалықтың қызметін заңдастыру үшін бірыңғай жиынтық төлемі болатынын айтқан.

Соңғы жаңалықтар