Бірыңғай жиынтық төлемді қалай жасауға болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың қаңтарында шамамен 3 мың бірыңғай жиынтық төлем жасалды. Бұл жайында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство ақпаратына сәйкес, бірыңғай жиынтық төлемді ЖСН көмегімен екінші деңгейлі банктер мен «Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының банктік есепшотына аударуға болады. Ал мемлекеттік корпорация төлем жасаушының тұрғылықты жерінің бюджетіне салық пен қорларға (ӘСМҚ, БЖЗҚ, ӘМСҚ) әлеуметтік төлемдерді бөліп аударады. Бүгінгі күні шамамен 3 мың төлем түскен.

Бірыңғай жиынтық төлемді «Қазпошта» АҚ сайты мен терминалдарының көмегімен онлайн төлеуге де болады. Мұнан бөлек, Каспи банкінің де мобильді қосымшасы жұмыс істеп тұр.

Ал «e-Gov» арқылы онлайн төлем жасау ақпан айының соңына дейін іске қосылады. Екінші деңгейлі банктер мобильді қосымша арқылы төлем жасау тетігін қосуды өздері шешеді.

Айта кетейік, бірыңғай жиынтық төлем өзін өзі жұмыспен қамтығандарға зейнетақы жүйесіне қатысуға мүмкіндік береді. БЖТ жаңа салық түрі емес, бұл төлемнің төрт түрін, яғни жеке табыс салығын, әлеуметтік және медициналық сақтандыру қорларына, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдар жасауға жағдай туғызады.

Соңғы жаңалықтар