Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басшысы ауысты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ басқарма төрағасы ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұрбүбі Наурызбаеваның орнына ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Жанат Құрманов келді. 2017 жылдың қаңтарынан бері Зейнетақы қорын Нұрбүбі Наурызбаева басқарып келген болатын. Директорлар кеңесінің шешімімен оның уәкілеттігі тоқтатылды.

Жанат Құрманов 1962 жылы 22 ақпанда Қарағанды қаласында дүниеге келген. 1985 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған.1996 жылы Мәскеуде Экономика, менеджмент және құқық универсиеттін бітірген. 2017 жылы Оксфорд университетінде бизнес мектебі бағдарламасы бойынша диплом қорғады.

Ол өз еңбек жолын 1985 жылы Қазақ КСР Ядролық физика институтында инженерлік қызметтен бастаған. 1996 жылдан бастап - қаржы саласында, 1999 жылдың желтоқсанынан басшылық лауазымдарда қызмет еткен.

Жанат Құрманов 2017 жылы 13 қыркүйекте Президент өкімімен Ұлттық банк төрағасының орынбасары қызметіне кіріскен болатын.

Соңғы жаңалықтар