Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халықпен тет-а-тет кездесті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) барлық 18 филиалында «Зейнетақы жүйесі қалай құрылды» тақырыбында Ашық есік күні өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алмалы ауданындағы БЖЗҚ-ның операциялық залында қала тұрғындары үшін ұйымдастырылған шарада зейнетақы жүйесінің үш құрылымы туралы айтылды.

«БЖЗҚ» АҚ Алматы филиалының директоры Әлия Смағұлова бүгінгі шараның басты мақсаты халықтың зейнетақы жүйесіне деген сенімін нығайту.

«Біздің операциялық залда салымшылардың ең көбі өтініштерімен келеді. Мысалы, күніне шамамен 500 салымшы біздің операциялық залда болады. Бұл келушілер саны әлі де төмендеген жоқ», - деді ол.

Ашық есік күніне келушілер зейнетақы активтері біріктірілгеннен кейін бұған дейінгі жеке зейнетақы қорлары алып келген комиссиялық сыйақы деңгейі екі есеге төмендегенін білді.

Сонымен қатар, әкімшілік шығындар да азайтылған.

Айта кетейік, БЖЗҚ-ның «Бузгул Аурум» ЖШС акцияларын сатып алу жөніндегі келісімінен кейін халықтың зейнетақы жүйесіне деген сенімі азая түсті. Ол келісім бойынша 5 млрд теңгеге құнды қағаздар сатып алынған. 

БЖЗҚ-ның бұрынғы басшысы Руслан Ерденаев және Тәуекелдер басқармасы қаржы тәуекелдері департаментінің басшысы Мұса Бахтаев, «АлатауМұнайАлтын» АҚ бақылау кеңесінің төрағасы Бақытжан Кенжебаев пен «Бузгул Аурум» ЖШС директоры А. Найзагарин жеке мүлікке қатысты аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталып отыр.

Оларға қатысты ҚР ҚК 189-бабының 4-бөлігі, 2-тармағы (сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену және талан-таражға салу) бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Бұған дейін хабарланғандай, Р.Ерденаев және өзге де фигуранттарды қамауда ұстау мерзімі 2017 жылдың 28 сәуіріне дейінұзартылды.

 

Соңғы жаңалықтар