Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 4 уәкілетті оператормен келісім жасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бірыңғай жинауқтаушы зейнетақы қоры Үкіметі айқындаған Отбасы банкі, «Банк ЦентрКредит», Altyn Bank және Қазақстан Халық банкі секілді уәкілетті операторлармен келісім жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, заңнамада тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында БЖЗҚ-дан біржолғы зейнетақы төлемдерін алу үшін салымшылардың уәкілетті оператордың интернет ресурсында электронды өтініш толтыра отырып, ҚР Үкіметі айқындаған уәкілетті операторларға жүгінетіні көзделген.
«Салымшы өтінішінде біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану мақсатын және мақсатты пайдалануға жіберілетін қолжетімді соманы көрсетеді. Уәкілетті оператор салымшының өтінішін қарап, оны мақұлдау туралы шешім қабылдайды. Сондай-ақ, біржолғы зейнетақы төлемдерін қордан уәкілетті операторда ашылған салымшының арнайы шотына аудару бойынша БЖЗҚ-мен өзара іс-қимылдар жүргізіп, біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы пайдаланылуына мониторинг жасайды», делінген хабарламада.
Қор мен уәкілетті операторлар арасындағы өзара іс-қимыл электронды ақпарат алмасу арқылы және өзара іс-қимыл туралы тиісті келісім негізінде жүзеге асырылады.
«Келісім уәкілетті оператор мен БЖЗҚ арасында біржолғы зейнетақы төлемдерін есепке алу, аудару және қайтару мәселесі бойынша ақпараттық өзара іс-қимыл жасау және ақпарат алмасу тәртібін, сондай-ақ, ақпараттың құпиялылығын сақтау жөніндегі шарттар мен міндеттемелерді қоса алғанда, келісім тараптарының әрқайсысының міндеттері мен жауапкершілігін айқындайды», делінген хабарламада.
Айта кетерлігі, қор мен уәкілетті оператордың ақпараттық жүйесінің біріктірілуі «электронды үкімет» порталындағы интеграциялық сервис арқылы жүзеге асырылады.
- Түркістан облысында кез келген шаруа жеңілдетілген несие ала алады
- «Шаңырақ» бағдарламасы аясында қайталама нарықтан баспана сатып алуға бола ма – Үкімет жауабы
- Баспанаға мұқтаж отбасыларға пәтер жалдау ақысы 80 пайызға дейін субсидияланбақ
- Роман Скляр мұнай-газ химиясындағы инвестициялық келісімдерді әзірлеуді бақылауға алуды тапсырды
-
Биыл жаңартылған энергия саласында 23 жоба іске асырылады
-
2021 жылдың наурызынан мұнай өнімдерін тауарлық биржа арқылы сатуды қамтамасыз ету керек – Роман Скляр
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам