Бірыңғай зейнетақы қорын құру керек - Елбасы

None
None
АСТАНА. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - Елімізде бірыңғай зейнетақы қорын құру керек. Бүгін Ақордада өткен 2012 жылдың қорытындысына және «Қазақстан -2050» стратегиясын жүзеге асыруға арналған кеңейтілген отырыста Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осындай тапсырма берді.

«Барлық жеке зейнетақы жинақтау қорларының есепшоттарын беру арқылы бірыңғай зейнетақы қорын құру керек», - деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда Елбасы мұндай қадам арқылы ел азаматтарының жинақтарын Ұлттық банктің басқаруына шоғырландыру барынша тиімді әрі қауіпсіз болатындығын баса айтты. Мемлекет басшысының атап өтуінше, республиканың зейнетақы және сақтандыру секторында шамамен 800 млрд. теңге қаржы жинақталған.

«Бүгінде банктердің теңгемен 6,57 пайызға ортамерзімді қорлануға шамалары жетеді. Ендеше алдымен осы ресурсты пайдаланайық»,- деді ҚР Президенті.

Соңғы жаңалықтар