Бірыңғай мемлекеттік жоспарлау саласында біртұтастық қағидаты қамтылмақшы - Сенат

None
None
АСТАНА. 13 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне

оларды ҚР Мемлекеттік жоспарлау жүйесімен сәйкестендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасының басты мақсаты мемлекеттік жоспарлау саласында стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу, іске асыру және оңтайландыру үшін бірыңғай құқықтық жағдайларды қамтамасыз ету болып табылады. Қазіргі таңда мемлекеттік жоспарлау жүйесі бірқатар құжаттардан тұрады. Атап айтқанда, олар: Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясы, Қазақстан Республикасының 2020 жылға арналған даму жоспары, еліміздің аумақтық кеңістігі дамуының болжамды схемасы, Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы, басқа да мемлекеттік бағдарламалар, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық даму болжамдары, аумақтардағы дамыту стратегиясы, салалық бағдарламалар мен республикалық және жергілікті бюджет және т.б.

«Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің негізгі қағидаты бірыңғай мемлекеттік жоспарлау саласындағы заңнамалық біртұтастық болып табылады. Сонымен қатар, тәжірибе барысында қолданыстағы заңнамадағы мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес келмейтін, кейбір жағдайларда тіпті қайшы келетін нормалардың бар екені анықталған. Атап айтқанда, кейбір заңнамаларда қандай да бір мәселелер бойынша жалпы мемлекеттік, өңірлік, республикалық сектораралық және басқа бағдарламалар әзірлеу қарастырылған. Осыған орай, Елбасы қолданыстағы заңнамалардан мемлекеттік органдарды стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге міндеттейтін нормаларды алып тастауды тапсырған болатын», - дейді Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi Ерболат Досаев.

Жалпы, заң жобасымен қолданыстағы 91 заңнамалық актіге: 7 кодекс және 84 заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар