Бірыңғай мектеп формасының пилот жобасы таныстырылды

2022 жылғы 16 желтоқсан, 16:00
Бірыңғай мектеп формасының пилот жобасы таныстырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Отандық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары бірыңғай мектеп формасын енгізуге арналған қанатқақты жобаның аясында өз өнімдерін ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ASTANA Ютария ltd» өндірістік инновациялық компанияның алаңында ұйымдастырылған іс-шараға мемлекеттік органдардың, QazTextileIndustry жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары ұлттық бірлестігінің, сондай-ақ өндірістік компаниялардың өкілдері және мектеп оқушыларының ата-аналары жиналды.

photo


Индустриялық даму комитетінің төрағасы Ілияс Оспановтың айтуынша, қазір еліміздегі мектеп оқушыларын отандық өніммен қамтамасыз ету – басты мақсаттардың бірі саналады.

«Қазір елімізде киім өндірісі саласында 800-ден астам кәсіпорын жұмыс істеп келеді. Көбіне отандық киім нарығы негізінен қадағаланатын сатып алу мен мемлекеттік тапсырыс қажеттілігіне бағытталған. 2021 жылдың қорытындысы бойынша киім өндірісінің көлемі 54,4 млрд теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 102,3% деңгейінде байқалды. Бұл ретте 38 тігін кәсіпорнында мектеп формасын өндіруге арналған индустриялық сертификат бар екенін айта кетейік», - деді І.Оспанов.

photo

photo

photo

photo

photo

photo


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar