Бірыңғай қабылдау күні: 12 мыңнан астам тұрғынның арыз-шағымы тыңдалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні 12 мыңнан астам қазақстандық атқару органдарына жүгінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2019 жылғы 21 қарашада Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында республика бойынша «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» өткен болатын. Шара аясында қала әкімі, қала әкімі орынбасарлары, басқарма басшылары мен аудан әкімдері азаматтарды қабылдады.

Нәтижесінде орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары және 47 қала, 179 аудан және 2771 ауылдық округ әкімдері тұрғындардың арыз-шағымын тыңдады.

Республика бойынша қабылдау органдарына 12,6 мың адам жүгінді, оның 12,4 мыңы – жергілікті атқарушы органдарға, 172 адам – орталық мемлекеттік органдарға және 50 адам – ҚР Президенті Әкімшілігінің қабылдауына жазылған.

Өңірлер арасында Алматы облысының (1683 адам), Ақмола (1205) және Қостанай (1042) облыстарының тұрғындары белсенділік танытқан. Олармен салыстырғанда Шымкент (128), Алматы (309) қалалары мен Қарағанды облысында (354) жүгінушілер саны өте аз болған.

Орталық мемлекеттік органдар арасында ең көп шағымданушылар Ішкі істер министрлігіне (101 адам), Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне (60 адам) және Денсаулық сақтау министрлігіне (30 адам) барған.

Жергілікті атқарушы органдарға келіп түскен өтініштерінің 70% коммуналдық қызмет, әлеуметтік қорғау, тұрғын үй және жер қатынастары мәселелерімен байланысты болған. Орталық мемлекеттік органдарда негізгі құзыреттерімен байланысты мәселелер қозғалған.

Әлеуметтік мәселелер бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тұрғындар қарыз жүктемесінің төмендеуі және Атаулы әлеуметтік көмек (22 адам), көп балалы аналар (10 адам) және мүгедектерді қолдау (16 адам) жөнінде жүгінген.

Жалпы, Бірыңғай қабылдау күні барлық республикалық және өңірлік БАҚ-та, әлеуметтік желілерде кеңінен хабарланды. Әсіресе, 92 жыл куәліксіз өмір сүрген азамат, әлеуметтік көмексіз қалған СІМ бұрынғы қызметкерлері, алимент төлеу мәселелері БАҚ-та жарияланды.

Сондай-ақ, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Шоқан Уәлихановтың туған жерін нақты анықтау бойынша тапсырма берді. Ал павлодарлық оқушы Елисей Ресняский облыс әкіміне тұзды облыстың геологиялық белігісі етіп бекітуді және Ертіс өңіріндегі әр оқу орнында туған жерге арналған бұрыш ашуды ұсынды.

Соңғы жаңалықтар