Бірыңғай деректер базасын құруда кемшіліктер көп - Алик Шпекбаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Геопорталдар тек сөз жүзінде құрылған. Бұл туралыСыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елбасы 2018 жылғы қазандағы халыққа Жолдауында жер қоры мен жылжымайтын мүлік нысандары туралы бірыңғай деректер базасын құруды тапсырды. Оның тапсырмасы сапасыз жүзеге асуда. Бірінші мәселе – бизнестің бос жер учаскелері туралы ақпаратқа қол жеткізуі», - дейді Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша IV республикалық кәсіпкерлер форумында.

Ол аймақтарда геопорталдар тек сөз жүзінде құрылғандығын айтты.

«Көп жағдайда порталдардағы мәліметтер оқуға ыңғайсыз және инвесторларға пайдасы жоқ. Сонымен қатар, олар бір-бірінен орналастырылған ақпараттың құрылымы, көлемі және толықтығымен айтарлықтай ерекшеленеді. Мысалы, Алматыда «2GIS» картасына тек қызыл жолақтар сызылса, ал Шымкент қаласының картасында тек бас жоспарлар мен нақты жобалар туралы ақпарат қана бар. Бірыңғай ұлттық координаттар жүйесінің жоқтығы геопорталдарды толық іске қосуды шектейді. Жаңа жүйені мүмкіндігінше тездетіп енгізіп, оның тиісті мәліметтермен толтырылуы бойынша барлық рәсімдерді тезірек аяқтауы қажет», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар