Біртанов жілік майын трансплантациялау үшін балалардың шетелге жіберілуін түсіндірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2018 жылы Қазақстанда 47 балаға жілік майын ауыстыру бойынша ота жасалды. Бұл туралы бүгін халықпен есептік кездесу өткізген ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Маңызды жетістіктердің бірі - бұл жілік майын трансплантациялау. Бұл, отандық медицинамыздағы жан ауыртарлық мәселелердің бірі. Балаларымызды жілік майын трансплантациялау үшін шетелге жіберуге мәжбүр болып отырмыз. Ол оңай ота емес және дайындықтың ұзақ мерзімін, ұзақ уақыт бойы күтім мен оңалтуды талап етеді. Шетелге жіберу арқылы бұл проблеманы шешу мүмкін емес», - деді министр.

Осы ретте ол аталған технологиямен емдеуді Қазақстанда да қолға алудың маңыздылығын айрықша атап өтті.

«Біз өткен жылы мұнымен байыпты түрде айналыстық. Былтыр балалардың жілік майын трансплантациялаудың 47 отасы жасалды. Қазіргі уақытта қажеттіліктің арта түсуі байқалады. Бүгінгі күні оның жартысын өзіміз шешіп отырмыз. Таяу 2-3 жылдық жол картамыз бар және бұл проблеманы шешеміз», - деді Елжан Біртанов.

Соңғы жаңалықтар