+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Біртанов отандық өкпені желдету аппаратының сынақ нұсқасын еуропалық баламасымен салыстырды

2020 жылғы 5 мамыр 01:47
Бөлісіңіз:
Біртанов отандық өкпені желдету аппаратының сынақ нұсқасын еуропалық баламасымен салыстырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медициналық құрал-жабдық шығаратын қазақстандық «БАРК Технолоджи» кәсіпорнына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда өкпені жасанды желдетуге арналған қанша аппарат бар Қызылордаға өкпені жасанды желдету аппаратын әкелу үшін халықаралық компаниялармен келісім жасалды Президент шетелден тыныс алу аппараттарын жеткізген қоғам белсенділеріне қолдау білдірді

Әлемде өкпені жасанды желдету аппараты жетіспей жатқан кезде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандық кәсіпорындарға отандық медицина жабдығын шығаруды ұсынды. «БАРК Технолоджи» компания осы жазда еліміздегі жансақтау бөлімдеріне өзі жасаған өкпені жасанды желдету аппараты легін жеткізуді көздеп отыр.

Компания мәліметінше, конструктор бюросы бірнеше жылдан бері осы салада мамандандырылған санаттағы аппаратты жобалауды жүргізіп келеді. Оны шығару 2021 жылға жоспарланған. Алайда жаһандық пандемия және дағдарыс кезінде оны шығаруды бір жылға жылдамдату жөнінде шешім қабылданған.

Бас конструктор бөлімінде болашақ өкпені жасанды желдету аппаратының турбинасының жұмысы мен ауа жіберу үрдісі министрге еуропалық ӨЖА өндіруші лидер кәсіпорынның жабдығымен салыстырыла отырып көрсетілді.

Елжан Біртанов жасалатын тауар сапасы бойынша медицина мамандарының талабына сәйкес келсе және импорт баламаларына қарағанда бағасы төмен болса отандық өндірушіні қолдауға әзір екенін айтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жәнібек Амангелді

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT