Валюта бағамдары:
    usd/kzt 476.18 eur/kzt 485.56

    rub/kzt 7.76 cny/kzt 70.34
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Бірнеше тілді еркін білу - бүгінгі өмір талабы – Владимир Шнайдер

2022 жылғы 15 маусым 16:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан халық арман еткен жерұйықтың бесігі мен кіндігіне айналуы тиіс. Мұндай пікірді «Тұран-Астана» университетінің кафедра меңгерушісі Владимир Шнайдер білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақ ғасырлар қойнауынан үнемі «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заманды аңсаған, жұрты үшін «жерұйықты іздеген» халық. Бүгінгі Қазақстан халық арман еткен жерұйықтың бесігі мен кіндігіне айналуы тиіс. Ол – ата-баба арманы, кейінгі ұрпаққа аманаты. Ал біздер мен сіздердің міндетіміз осы жолдағы Президентіміздің бастамаларына қолдау жасап, әрбіріміз қазақ елін достық пен бірліктің бейбітшіліктің тірегі мен ұлтаралық келісімнің бесігіне айналдыру жолында барынша еңбек етіп үлесімізді қосу болса керек», - деді Владимир Шнайдер Нұр-Сұлтан қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында.

Сонымен қатар ол бір тілді ғана меңгеріп қоймай, бірнеше тілді еркін білу бүгінгі өмір талабы екендігін баса айтты.

«Осы қағиданы ұстана отырып, болашақ ұрпақты қазақ тілінде сөйлеуге, күнделікті өмірде қазақ тілін қолдануға шақыру да сіздер мен біздердің басты міндетіміздің бірі екенін күн тәртібінен шығаруға болмайтынын айтқым келеді. Сонау ХІХ ғасырда қазақ мәдениеті мен тілін зерттеген Еуропа ғалымдары түркітанушылар В.Радлов, П. Мелиоранскийлер «түркі тілдерінің ішінде ең таза тіл – қазақ тілі» екенін, ал қазақ тілі білімінің негізін қалаушы А.Байтұрсынов «түркі тілін ХХ ғасырға дейін аздырмай, қаз қалпында сақтап келген алғыс пен абырой қазаққа тиіс» деп аса құнды баға берген қазақ тілі қазақстандықтардың ортақ тілі болуы тиіс. Жастарымыздың бойына қазақ тілінің қыр-сырын, байлығы мен ең асылдарын сіңіру арқылы біз өскелең ұрпақтың бірегейлігін қалыптастыра аламыз», - деді Владимир Шнайдер.


Автор:

Марлан Жиембай

Новости по теме
Серіктестер жаңалықтары