Бірнеше рет аударылған Тойота жаяу жүргіншіні басып кетті
2018 жылғы 26 ақпан 09:30

Бірнеше рет аударылған Тойота жаяу жүргіншіні басып кетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Тойота көлігі бірнеше рет аударылып, 3 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апаты Саин мен Ұлықбек көшелерінің қиылысында болған. Тойота камри Саин көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан.

Куәгерлердің айтуынша, көлік белгісіз себептермен жолдың шетіне қарай жүйіткіп, жол жиегіндегі бордюрге тіреле бірнеше рет аударылған.

«Жүргізуші көлік рөліне ие бола алмаған сыңайлы. Көлік қатты жылдамдықпен жол шетіне тіреліп, бірнеше рет аударылды», - дейді куәгер.

Оқиғадан екі адам зардап, шегіп, жаяу жүргінші мерт болды. Қазіргі уақытта жүргізушінің ішімдікке мас болғаны белгілі болды. Полициясы оқиға себептерін анықтап жатыр.

nullnull

Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT