Бірнеше өңірдің стационарлық бассейндеріне балалар тегін кіре алады - ТЖМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов стационарлық басейіндерді балаларға тегін ұсынып отырған өңірлерді атады, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өңірлерде, атап айстақ, Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында балаларды стационарлық бассейндерде жүзуге үйрету тегін ұйымдастырылып отыр. Сол үшін 42 қаңқалы-модульдік бассейн сатып алынып, орнатылды», - дейді комитет төрағасы.

Оның сөзіне қарағанда, тұрғындар суға шомылу ережелерін сақтамағаны үшін айыппұл арқалап жатса да, рұқсат етілмеген орындарда шомылудан бас тартпай отыр.

«Судағы қауіпсіздік қағидаларының талаптарын бұзу фактілерінің жолын кесу үшін Төтенше жағдайлар министрлігі Ішкі істер министрлігімен бірге рейдтер мен патрульдеу шараларын жүргізеді. Жыл баынан бері жүргізілген 30 мыңнан астам рейд кезінде 3 328 заң бұзушы әкімшілік жауапқа тартылды», - дейді комитет төрағасы.


Соңғы жаңалықтар