Бірнеше өңірде оқушылар қашықтан оқиды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ауа райының бұзылуына байланысты тағы бір өңірде балалар қашықтан оқуға көшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«7 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқуға көшіріледі», - делінген Қарағанды қаласы білім бөлімінің мәліметінде.

Бүгін сондай-ақ Астана қаласында бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстыралған болатын. Айта кетейік, елордада қатты аязға байланысты оқушылар дүйсенбіден онлайн оқып жатыр.

Абай облысының кейбір аудандарында да бірінші ауысымдағы сабақтар онлайн форматта өтеді. Атап айтқанда, Семей қаласында 1-9 сынытар, Курчатов қаласында 1-11-сыныптар, сонымен қатар Көкпекті, Жарма, Бородулиха, Абай аудандарында кейбір мектептерде сабақ қашықтан оқытылады. Бесқарағай ауданында барлық мектептер қашықтан оқуға көшірілді. Қалған аудандарда сабақ штаттық режимде өтеді.


Соңғы жаңалықтар