Бірнеше өңірде мектеп оқушылары онлайн оқып жатыр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бірнеше өңірде қатты аязға байланысты мектеп оқушылары онлайн оқу форматына көшті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды мен Теміртау, Жезқазған қалаларындағы мектептерде 0-9 сынып оқушылары онлайн оқиды.

Сонымен қатар Ақмола облысыЦелиноград ауданындағы 0-11 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

Бұдан басқа Абай облысында да 6 желтоқан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты кейбір аудандарда сабақ онлайн форматта өтеді.

Семей қаласында 1 ауысымда оқитын 1- 9 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтық форматқа ауыстырылады. Аягөз, Жарма, Бородулиха аудандарында 1 ауысымда 1-4 сыныптарда сабақ қашықтан оқытылады. Бесқарағай ауданында барлық мектептер қашықтық форматқа ауыстырылды. Қалған аудандарда сабақ штаттық режимде өтеді.

Бұған дейін хабарланғандай, 6 желтоқсанда қала мектептерінің бірінші ауысымның оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқиды.
Соңғы жаңалықтар