Бірнеше өңірде дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 11 мамырда Қазақстанның бірнеше өңірінде күн райы бұзылады. Дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда кей уақыттарда найзағай ойнауы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысында кей уақытта қатты жаңбыр жауып, найзағай түсуі мүмкін. Солтүстік-шығыс желі, найзағай кезінде екпіні - 15-20 м/с, 25-28 м/с. Оңтүстігінде және таулы аудандарында бұршақ, дауыл, шаңды дауыл болжанады. Талдықорған қаласында найзағай түсуі ықтимал.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай, шаңды дауыл болжанады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел екпін - 15-20, 25 м/с. Көкшетау қаласында 11 мамырда оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні - 15 м/с.

Ақтөбе облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында және Орал қаласында күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл тұруы ықтимал. Жел оңтүстік-батыстан соғады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде желдің екпіні - 15-20 м/с болмақ.

Қостанай облысының батысында, солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында екпіні - 15-20, 23 м/с. Қостанай қаласында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күші - күндіз 15-20 м/с дейін.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ болжанады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні - 15-20 м/с. Ақтау қаласында күндіз найзағай түсуі мүмкін.

Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында найзағай ойнауы ықтимал. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні - 18 м/с.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы, тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл болжанады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні - 15-20 м/с. Шымкент қаласында түнде және таңертең найзағай ойнап, дауыл тұруы мүмкін. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні - 17-22 м/с.

Бұған дейін мамырда екі өңірде қатты құрғақшылық болуы мүмкін екенін жариялағанбыз.


Соңғы жаңалықтар