+7 (701) 759 90 19
USD 389.94 EUR 433.50
RUB 6.10 CNY 55.13
Jańalyqtar

Бірнеше мәрте ұрлық жасаған қызылордалық ұсталды

2019 жылғы 16 тамыз 02:57
Бөлісіңіз:
Бірнеше мәрте ұрлық жасаған қызылордалық ұсталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада пәтер ұрлығына байланысты бірнеше қылмысқа қатысы бар 20 жастағы жігіт қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда қаласының тұрғыны полицияның кезекші бөліміне пәтер ұрлығы туралы шағым түсірді. Онда белгісіз адамның жеке үйлердің бірінде пластикалық терезесін ашып кіріп, алтын бұйымдарын ұрлап кеткені айтылған. Пәтер ұрлығы күндізгі уақытта жасалған. Сол сәтте үйде ешкімнің болмағанын байқаған күдікті өзінің арам ойын жүзеге асырған. Соның салдарынан ол жәбірленушіге жалпы 760 мың теңге материалдық шығын келтірген.

«Одан кейін күдікті ұрланған заттарды ломбардқа өткізгені белгілі болып отыр. Полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізді. Нәтижесінде күдікті азамат компъютер клубтарының бірінде ұсталды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Тергеу барысында күдіктінің қалада жасалған осы тектес басқа да бес қылмысқа қатысы бар екендігі дәлелденді. Барлық деректер бойынша Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлігінің 3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын Қызылорда тұрғыны көшеде шолақ мылтық алып жүрген тұрғынның қолға түскенін хабарлаған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Аударма:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT