Бірнеше күн қатарынан арзандаған доллар бағасы өсті

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы күрт өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 10 ақпан кешімен салыстырғанда 2,49 теңгеге өскен.

АҚШ долларының орташа бағамы 428, 59 теңге болды.
Ұлттық банктің 11 ақпандағы ресми бағамы -1 доллар үшін 425, 76 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 429, 08 теңгеден сатылса, сатып алу – 430,73 теңге.
Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 428, 62 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 430,03 теңге.
Еске салсақ, доллар бағасы төртінші күн қатарынан арзандады.



Соңғы жаңалықтар