Бірнеше елдің WhatsApp қолданушылары жүйедегі ақауға шағымданды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бірқатар елде WhatsApp мессенджерінің жұмысында ауқымды іркіліс байқалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы танымал интернет-ресурстардың жұмысын бақылап отыратын Downdetector сервисінің сайтында хабарланды.

Сервис дерегі бойынша, қолданушылар хатты жіберу немесе алу кезінде, сонымен қатар қосымша мен сайт жұмысында қиындықтар туындағанына шағымданды.

Әсіресе WhatsApp қызметінің іркілісі Нидерланд, Германия, Ұлыбритания, Испания, АҚШ, Ресей мен Францияда көбірек тіркелді.


Соңғы жаңалықтар