«Бірлік» партиясының мүшелері Қостанай қаласындағы ЭМБ өкілдерімен кездесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Бірлік» партиясының мүшелері Қостанай қаласындағы этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті. Әңгімелесу барысында партия мүшелері сайлаушылармен өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі ережелерін талқылап, қалалықтарды толғандырып отырған сұрақтарға жауап берді.

Кездесуге қатысушылар сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының қазақстандық қоғамның бірлігі мен тұрақтылығын қамтамасыз еткен бірегей институт ретіндегі үлкен рөлін атап өтті. Бүкіл елдегі Достық үйлері өздерінің миссиясын күн сайын, жыл сайын нақты орындап келеді: жалпыұлттық келісімді нығайтып, түрлі халықтар мәдениетіне құрметпен қарауға тәрбиелейді.

Мемлекет саясатын қолдай отырып, «Бірлік» партиясы өз жұмысында қазақстандық халықтың ауызбіршілігіне ерекше көңіл бөліп отыр. Партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі қазақстандықтардың мәдени және рухани байыту мәселелері болып табылады, деп хабарлады аталмыш саяси ұйымның баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар