«Бірлік» партиясы съезд өткізетінін жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Бірлік» партиясы съезд өткізетіні туралы мәлім етті. Оның барысында партия Жарғысына өзгеріс енгізу, ұйымдастыру құрылымын өзгерту, партияның саяси атқарушы комитетінің құрамындағы өзгерістер, сондай-ақ жаңа мүшелерді қосуға қатысты бірқатар шешімдер қабылданбақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауыл» партиясымен қосылу ықтималдығы соңғы сәтке дейін сақталды. Себебі бұл бастама бүгін аталмыш партияның съезінде талқыланған болатын. Аталған партия съезінің қорытындысы бойынша оның «Бірлікпен» қосылу мәселесі қолдауға ие болған жоқ. Біз «Ауыл» партиясының шешімін қабылдаймыз. Объективті түрде қарастыратын болсақ, АӨК саласындағы жағдайды жақсарту бойынша нақты қадамдар жасамаған, карантин кезінде фермерлер шығынға ұшырап, жұмыс істей алмай жүрген кезде өзін еш көрсете алмаған партиямен тандем құру бізге қосымша артықшылықтар әкелмейді. Сондықтан «Бірлік» партиясы өз бетімен қызмет атқара беретінін жариялағым келеді», - деп атап өтті «Бірлік» партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали.

«Бірлік» партиясы съезінің алдын ала күн тәртібі келесідей:

- ұйымдастыру құрылымын өзгерту, Жарғыға өзгерістер енгізу;

- партияның жаңа мүшелерін қабылдау және партияның басқару органдарының құрамын өзгерту.

«Алдағы съезде жаңартылған тұғырнама талқыланып, партияның активі құрылады. Партия аппараты қазір съезге дайындық жүргізуде. Біздің партия саяси бәсекелестікті қолдайды және бүгінгі күні экономикалық және әлеуметтік реалийге жауап беретін партияның жаңартылған тұғырнамасын кең жұртшылыққа таныстыруға дайын», - деп атап өтті партияның басшысы.

Еске салайық, бүгін елордада «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кезектен тыс 17-сессиясы өтті. Оның барысында «Бірлік» партиясының «Ауыл» партиясына қосылу туралы ұсынысы қаралды. Нәтижесінде, делегаттардың 72-сі екі партияның қосылуына қарсы дауыс берсе, 8-і шешімді қолдады. Бір делегат қалыс қалды.


Соңғы жаңалықтар