«Бірлігіміз жарасқан!» акциясы аясында Тараз перзентханасында «Алтын жүрек» қайырымдылық іс-шарасы өтті

None
None
АМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Маусымның 11-і. /Галина Скрипник/ - Бүгін Тараз қаласындағы №1 перзентханада «Жамбыл облыстық іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Алтын жүрек» қайырымдылық іс-шарасы өтті.

«Астана күні қарсаңында «Бірлігіміз жарасқан» республикалық патриоттық акциясы аясында осы іс-шараны өткізіп отырмыз», деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрағасы Гүлдара Нұрымова.

Оның айтуынша, өңірдің кәсіпкер әйелдері жас босанған келіншектер мен сәбилерді құттықауға шешім қабылдаған. Олар дүниеге сәби келген әрбір жанұяға бесік сыйлады. Қазіргі уақытта перзентханада 20 сәби бар.

«Біздің Отанымыздың астанасының туған күні сынды үлкен мереке қарсаңында жаңа туған сәбилерге шын көңілден берілген сыйлықтарға қуаныштымыз. Салауатты қоғамда ғана адамдар бір-біріне кеңпейіл жүрегімен қарайды», дейді Әбдірахим мен Әбдірахман атты егіздердің анасы, 34 жастағы колледж ұстазы Айгүл Ыбыраева.

Соңғы жаңалықтар