+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 385.42 EUR 424.58
RUB 6.00 CNY 54.31
Jańalyqtar

Бірқатар ЖОО ректорлары мен «Астана Опера» басшысы конкурстық негізде тағайындалады

2019 жылғы 17 тамыз 14:01
Бөлісіңіз:
Бірқатар ЖОО ректорлары мен «Астана Опера» басшысы конкурстық негізде тағайындалады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы республикалық деңгейдегі бірқатар ұйымдардың басшыларын тағайындау тәртібін қайта қарау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы Петропавлдағы С.М. Киров атындағы зауытта болды Қасым-Жомарт Тоқаев «Радуга» ЖШС-ның өндірістік әлеуетімен танысты ҚР Президенті отандық аграрлық ғылымды дамытуды тапсырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық жоғары оқу орындарының және Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректорларын, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайының директоры мен «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының басшысын тағайындау тәртібін қайта қарау туралы Жарлыққа қол қойды.

Жарлыққа сәйкес аталған мекемелердің бірінші басшыларын тиісті саланы жетекшілік ететін уәкілетті органдар тағайындайтын болады. Жауапты лауазымдарға үміткерлерді іріктеу конкурс негізінде жүргізіледі.

Жаңа тағайындау тәртібі келесі ұлттық жоғарғы оқу орындарына қатысты:

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті;

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті;

Қазақ ұлттық аграрлық университеті;

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы;

Қазақ ұлттық өнер университеті;

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы;

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті;

Қазақ ұлттық хореография академиясы;

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT