Бірқатар сайтқа жасалған DDOS шабуылдан кейін техникалық жұмыстар жүріп жатыр - «Қазақтелеком»

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бірқатар отандық сайтқа шетелден жасалған жаппай DDOS шабуыл тіркелді. Бұл туралы ҚазАқпарат «Қазақтелекомға» сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазақтелеком» 2022 жылдың 24 қыркүйегінде бірқатар қазақстандық ақпараттық ресурсқа шетелден жаппай DDOS шабуыл тіркелгені туралы хабарлайды. Қазіргі уақытта біз маршруттарды қалпына келтіру және оңтайландыру бойынша техникалық жұмыстарды жүргізіп жатырмыз, бұл кейбір сыртқы интернет ресурстарға қол жеткізу жылдамдығының ішінара төмендеуіне әкелуі мүмкін. Жұмысты жақын арада аяқтау жоспарланып отыр. Компания уақытша қолайсыздықтар үшін өз абоненттерінен кешірім сұрайды», - делінген «Қазақтелеком» АҚ Коммуникациялар департаменті таратқан мәлімдемеде.


Соңғы жаңалықтар