Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 383.98 EUR 430.63
RUB 6.11 CNY 55.83
Jańalyqtar

Бірқатар саясаткерлер Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтап, жеделхат жолдады

2019 жылғы 15 маусым 13:24 522
Бөлісіңіз:
Бірқатар саясаткерлер Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтап, жеделхат жолдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына бірқатар саясаткерлерден құттықтау хаттар келіп түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Президенті болып сайлануына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсуде.

Сауд Арабиясының королі Салман бен Абдель Әзиз Әл Сауд құттықтау хатында Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмысына табыс, Қазақстанға бақ-береке тіледі. 

Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Халифа бен Заид Әл Нахаян да Мемлекет басшысына амандық және Қазақстанға бақ-береке тілейтінін жеткізді.

«Біздің халықтарымыз бен достас мемлекеттеріміздің игілігі үшін екіжақты қарым-қатынастардың одан әрі дами түсетініне сенім білдіремін», - делінген жеделхатта.

Бахрейн Королі Хамад ибн Иса Әл Халифа екі ел халықтары арасындағы өзара тиімді қатынастарды дамыту мақсатында көпқырлы ынтымақтастықты нығайту үшін бірлесіп жұмыс істеуге әзір екенін айтты.

Бүкіләлемдік ислам лигасының Бас хатшысы Мұхаммед бин Абдель Карим әл-Исса Қасым-Жомарт Тоқаевты осы ұйымға мүше барлық мұсылман елдерінің атынан құттықтады.

«Отаныңыздың және халықаралық қызметтердің игілігі, бейбітшілік пен келісімнің, өсіп-өркендеу жолындағы Сіздің жұмыстарыңызға толағай табыс тілеймін», - деп жазды Мұхаммед бин Абдель Карим әл-Исса.

Бруней сұлтаны Хассанал Болкиах та Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент болып сайлануымен құттықтап, екі ел арасындағы екіжақты ынтымақтастықты, халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылдарды тереңдетуге дайын екенін жазды.

Түркі Парламенттік Ассамблеясының Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсупов түркітілдес мемлекеттердің парламенттерінің өзара достық қатынастары мен ынтымақтастығының одан әрі дамуына сенім білдірді.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Ислам Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысы Юсеф бен Ахмад әл-Осеймин, БАӘ Вице-президенті, Премьер-Министрі, Дубай билеушісі Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, Сауд Арабиясының корольдігінің тақ мұрагері, Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары, қорғаныс министрі Мұхаммед бен Салман Абдель Әзиз Әл Сауд, Абу Дабидің тақ мұрагері, БАӘ Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысының орынбасары Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, БАӘ Вице-Премьері, Президент істері жөніндегі министрі Мансұр бен Заид Әл Нахаян, Түркі мәдениеті және мұрасы қорының Президенті Гюнай Эфендиева  құттықтауларын жолдады.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT