Бірқатар республикалық жолда көлік қозғалысы ашылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде ауа райының жақсаруына байланысты 7 бағыттағы жолда көлік қозғалысы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазАвтоЖол» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәісметінше, ауа райының жақсаруына байланысты келесі автожолдарда көлік қозғалысы ашылған.

1. «Өскемен-Риддер-Ресей Федерациясының шекарасы» 15-105 шақырым. Белоусовка-Риддер қаласының арасы.

2. «Өскемен-Шемонайха-Ресей Федерациясының шекарасы» 105-123 шақырым. Шемонайха-Ресей Федерациясының шекарасы.

3. «Щучинск-Зеренді» 0-80 шақырым. Щучинск- Зеренді аралығы.

4. «Екатеринбург-Алматы» 1291-1353 шақырым., Нұр-Сұлтан-Қарағанды облысының шекарасы аралығы.

5.«Екатеринбург-Алматы» 1006-1247 шақырым. Атбасар-Нұр-Сұлтан.

6. «Астана-Қабанбай батыр-Киевка-Теміртау» 42-51 шақырым. Нұра-Қарағанды облысының шекарасы. 51-102 шақырым. Ақмола облысының шекарасы-Теміртау қаласы аралығы.

7. Павлодар-Екібастұз қаласы аралығы.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан-Щучинск, Нұр-Сұлтан-Теміртау ақылы учаскелері бойынша да жол қозғалысы ашық. Ақылы учаскелерде автокөліктердің қозғалысы патруль қызметінің көмегімен жүзеге асырылуда. Қазіргі сәтте Нұр-Сұлтан-Щучинск тасжолы бойынша 400-ге жуық көлік, Ақкөл-Нұр-Сұлтан учаскесі бойынша 70 көлік ал Нұр-Сұлтан-Теміртау тасжолы бойынша 360 көлік жол-патрульдік қызметінің көмегімен келе жатыр.

Сонымен қатар жол қозғалысы уақытша шектелген «Нұр-Сұлтан-Павлодар» автожолында елорда бағытында 33 көлікті арнайы қызмет көліктері ертіп келеді.

Соңғы жаңалықтар